Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Англияда жеке ән кешін өткізеді. Бұл туралы өнер жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. - Құрметті достар! ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және Ұлыбританиядағы ҚР елшілігінің қолдауымен өтетін Англиядағы жеке ән кешімде көріскенше асықпын. Ұмытылмас күн болатынына сенемін) Барлық ақпарат кейінірек, - деп жазба қалдырды. Әнші жариялаған хабарламадағы афишада жеке ән кеші 19 қараша күні әйгілі Royal Festival Hall залында өтетіні жазылған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)9 Окт 2018 в 9:23 PDT