Димаш Құдайберген алғаш рет жанкүйерімен ән айтты

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Ұмытылмас күн" әнін индонезиялық қыз орындап, кейін оны әлеуметтік желіде бөліскенін жазған едік. 29 қарашада Санкт-Петербургте Димаштың  жеке концерті өтті. Осы концертте әнші "Ұмытылмас күн" әнін Римар есімді индонезиялық жанкүйерімен бірге шырқады.

Римар – Димашпен бір сахнада ән айтқан оның мыңдаған жанкүйерлерінің арасындағы алғашқы адам. Ол кейін өнер көрсеткендегі әсерін айтып берді.

"Мен алғаш рет 2017 жылы Димашты Adagio әнін шырқаған кезде көрдім. Содан бері мен оның жанкүйерімін. Димаш маған ерекше шабыт береді. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Мен Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінім туралы жаздым, жауап ретінде мен онымен сахнада ән айтуға ұсыныс алдым. Біз бірге репетиция өткізген жоқпыз және импровизация жасай алуымыз әбден мүмкін еді. Бір-екі күн бұрын ғана әнді таңдадық. Бұл менің өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Мен қатты қобалжыдым. Десе де, өзімнің кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой маған сенімділік пен шабыт берді", – дейді индонезиялық ару.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кеше Индонезиядан Римар қарындасым бүгінгі өтетін концертіме арнайы Ресейге ұшып келді. Талантты қарындасымызбен дайындықты өткіздім. Бұйырса бүгін барлық тыңдармандарым Римардың талантына тәнті болады деп ойлаймын. Бүгін оның үлкен стадионда алғаш өнер көрсетуі,сол себепті қолдауларыңызды күтеміз))) @rimar1111 Good luck my talented little sister.I believe you ✊✊✊ ______________________ Yesterday my friend Rimar from Indonesia arrived to Russia for my concert. I have been training with our talented singer and I believe that today all my audience will be impressed by her talent. Rimar has her first performance at a large stadium, so we look forward to your support))) @ rimar1111 Good luck my talented little sister.I believe in you ✊✊✊

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)29 Ноя 2019 в 2:02 PST

Римар үлкен аудиторияның алдында толқып, қобалжығанына қарамастан, Димашпен дуэті тамаша өтті, ал залдағы бүкіл көрермен бұл әнді қосыла шырқады.