Миллиондардың сүйіктісі, еліміздің мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайберген кеше ғана қос бірдей марапатқа қол жеткізді. Атап айтсақ, "Asia New Song" халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды. Сонымен бірге "Астана дауысы" марапатын иеленді.
"Астана дауысы" марапаты Астана қаласында әншінің жақын досы, оның бірнеше әндерін әрлеуші Ерлан Бекчуринге табысталды.
Артынша Димаштың өзі толқынысын жасырмай, инстаграм парақшасына: "Мен үшін бүгінгі күн ерекше. Өйткені бүгін "Астана дауысы" фестивалiнің жүлдегері атандым. Бұл менің кәсіби сахнадағы еңбегім үшін Қазақ елінде алған жүлдем. Барша тыңдармандарыма, ұйымдастырушыларға, PR менеджерiм, ресми менеджерім, жан досым-сары досым @asharimov жане Sound producer менің байқаулардағы әндерімнің өндеушісі @erlanbekchurin ағама, досыма үлкен рахмет. Бұл бәріміздің жеңісіміз деп білемін. Сіздерді қатты жақсы көремін",– деп жазды.
Димаштың «I am singer» байқауының түрлі кезеңдерінде орындаған «Қоңыр күз», «Uptown Funk», «Adagio» мен «SOS d'unterrien en détresse», «Ұмытылмас күн», «All By Myself» және «Дайдидау» әндері «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингіне енген еді. Азияның жаңа әндері фестивалі аталмыш рейтингтің жылдық марапаттау шарасы.
Ол "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі», «Ең үздік шетелдік танымал әнші», осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі», MTV Music awards, «Жылдың үздік ер әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Осымен бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі тоғызыншы жүлдесі. Жеңіс құтты болсын!