Бүгін Қытайдың Чанша қаласында "Singer" тікелей эфирінің Гала концерті өтті. Бұл кеште Димаш тыңдармандарына тосын сый жасап, Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған, Тағдыр" атты жаңа əнін шырқап, тәнті етті.
Естеріңізге сала кетейік, әнші бүгін "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды. Жүлдені CCTV орталық телеарнасы табыс етті. Ол жуырда ғана "Battle of Memories" фильмінің саундтрегін орындаған еді.