- Негізгі бет
- Музыка
- Дильназ Ахмадиеваның "Золотой"...
Дильназ Ахмадиеваның "Золотой" әні
Әнші Дильназ Ахмадиеваның орындауындағы «Золотой» әні жарыққа шыққан бойда, кеңінен таралып кетті. Әлі күнге дейін әсем ән үлкен танымалдылыққа ие.
Танымал әннің туу тарихы өзге әндерге қарағанда, тіптен бөлек. Бұл ән аранжировкасы әуелгі бастан танымал өзбек әншісінің дайын әніне жасалынған-ды. Бірақ, белгісіз себептермен өңдеуге тапсырыс берген әнші ізім-ғайым жоқ болып, хабарсыз кетеді. Ән аранжировкасын белгілі өзбекстандық сазгер Денис Беляев жазады. Ол жасаған еңбегінің нәтижесін көргісі келіп, белгілі әнші-сазгер, «Дервиши» тобының мүшесі Адиль Жамбакиевке бірлесіп ән жазу туралы өтінішін білдіреді.
Ән аранжировкасын естіген бойда, Адиль Жамбакиев оны Алматыға алып кетіп, әуен жазуға кіріседі. Сазгер ән жазған кезде ол бірден оның мәтінін өзінше құрастырады. Сол кезде ойына «Золотой» сөзі түседі. Сазгерге бұл сөз ән қайырмасына құйып қойғандай болып көрінеді. Содан кейін ақын Алексей Маклайға жолығып, әнге мәтін жазып беруін, міндетті түрде қайырмасында «Золотой» сөзін қолдануын өтінеді. Көп ұзамай Алексей ән мәтінін жазып береді. Бұл 2002 жыл болатын.
Дайын әнді сазгер Дильназ Ахмадиеваға ұсынады. Лирикалық туындыларды ұнататын әнші әнді бірден ұната қоймайды. «Бұл нағыз хит болатын ән» деп, сазгер әншіні әннің келешегі зор екендігіне сендіреді. Әнші сазгер сөзіне сеніп, әнді жаздырады. Расында да, көп ұзамай сөздері жеңіл көңілді ән тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленіп, ел арасында кеңінен танылып, үздіктердің қатарынан көрінеді. Басында әнді ұнатпаған әнші кейін күйтабағын "Золотой" деп атайды.
Әннің үздіктердің қатарынан көрінетіндігін Адиль Жамбакиев алдын ала болжап білсе, Денис Беляев мүлдем сезген жоқ. Ал Алексей Маклай болса, әннің алғашқы аккордын естіген бойда, оның болашақта ел аузында жүретін танымал ән болатынына шүбә келтірмеген.
Дильназ Ахмадиева «Золотой» әніне екі бейнебаян түсіреді. Екі бейнебаян да көпшілік тарапынан үлкен сынға ұшырады. Бейнебаянсыз да танымал болып кеткен әнге несіне екі бірдей бейнебаян түсірілді деген пікірлер де болды. Қалай болғанда да, әнді тыңдарман қауым жылы қабылдады. Дильназ Ахмадиева қатысқан бірде-бір концерт «Золотой» әнінсіз өтпейді. Әнді тыңдаған кез келген жан шығыс әуеніне қосылып, ырғала билеп кетеді.
Золотой
Әнін жазғандар: Адиль Жамбакиев, Денис Беляев
Сөзін жазған: Алексей Маклай
Ты уже давно солнцем опаленный,
В паутине дней растерял себя.
Ты уже давно счастьем обделенный,
Золото души даришь мне любя.
Золотой, золотой - я зову тебя ласково,
Ты ночами ясными приходи за мной.
А под этой луной нам уже не захочется,
Больше одиночества, золотой, золотой.
Научи меня быть твоею пленной,
Украшая ночь золотом – оков.
Научи меня к тайне сокровенной,
Подобрать ключи в круга верти снов.
Золотой, золотой - я зову тебя ласково,
Ты ночами ясными приходи за мной.
А под этой луной нам уже не захочется,
Больше одиночества, золотой, золотой.
Суреттер: hittv.kz, kzmz.region.kz
Ғ. Ұзақ