All the things that are my life
My moods, my beliefs
My desires, me alone
Nothing to regret
This is no place, but here I am
D.Bowie
Осыдан бір жыл бұрын белгілі музыкант Дэвид Боуи 69 жасқа толған туған күнінде Blackstar атты альбомының тұсаукесерін жасаған болатын. Күйтабақ сатылымға шыққан күннен-ақ Billboard чартының бірінші қатарынан орын тепті.
Ал автор тұсаукесерден кейін екі күн өткен соң көз жұмды. Оның тыңдармандары соңғы альбомды музыканттың қоштасу сыйы деп қабылдады. Алайда, екі аптадан соң Боуидің тағы бір альбом жаздырып қойғаны туралы ақпарат тарады. Кейін анықталған мәліметтер бойынша, рокердің бір ғана емес, бірнеше альбомы дайын болып шықты, автор өсиет қағазында оларды жарыққа шығаруға рұқсат берген екен.
Сол себепті, Дэвид Боуидің биылғы туған күніне орай No Plan аталатын жаңа мини-альбом жарық көріп отыр. Музыкант тірі болса 70 жасқа толар еді.
No Plan альбомының негізгі композициясына клип түсірілген, сонымен қатар, оған When I Met You, Killing A Little Time және Lazarus сынды туындылары енгізілді. Бұл шығармалар "Лазарь" мюзикліне саундтрек ретінде арнайы жазылған екен.
P.S. Дэвид Боуи: “ Өлім – уақыт пен кеңістікті қабылдау шеңберінен тыс ұғым”,- дейді.
Менің көңілім, сенімім, қалауым –
Мендік өмір.
Өкініш жоқ.
Бірақ...
Менің қазіргі мекенім өзге,
Дегенмен, бұл әлі соңы емес.