Осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен белгілі музыкантДэвид Боуи әндерінің бірінде Шексіздік шекара емес деген болатын. Мұның шындық екеніне қазір көз жеткізуге болады. Себебі, ол өмірден өткеннен кейін талантына табынушылар саны артпаса, бәсеңдеген емес. Оның құрметіне жасалып жатқан көптеген шаралардың қатарын Нью Йорк метрополитені толықтырды. ОларДэвид Боуидің суреті бейнеленген метро билетініңбірнеше нұсқасын жасады. Мұндай эксклюзивті билеттіБродвей-Лафайет бекетінен сатып алуға болады. Бекет әнші мекен еткен Сохо ауданына жақын орналасқан. Метро қабырғалары да музыкант шығармашылығына байланысты көркемделген. Естеріңізге сала кетейік, Илон Маск шығарған зымыранда Tesla Roadster көлігін Стармен аталатын (Боуидіңатақты әнінің кейіпкерімен аттас) манекен игеріп отырды, динамиктерден Space Oddity әні естіліп тұрды. Ал, машина ғарышта миллиардтаған жылдар бойы тұратыны жақсы мәлім. Жуырда Британияда әнші-орындаушыға ескерткіш орнатылды. Сол ескерткіш қойылған Бакингемшир графтығындағы Эйлсбериде музыкант 1971 жылыHunky Dory, 1972 жылыThe Rise and Fall of Ziggy Stardust and the Spiders from Mars атты альбомдарын таныстырған екен. Жер елшісі ескерткішін жасауға 100 мың жұмсаған. Онда Боуи бірнеше сахналық образда бейнеленген. Солардың бірі оның альтер эгосы саналатын Зигги Стардаст.