Дәуір перфомансы. Әлемдегі ең баяу музыка

Дәуір перфомансы. Әлемдегі ең баяу музыка
Фото: ap.org

Музыка тарихындағы ең баяу әрі ұзақ туындының аккорды араға жеті жыл салып кезекті рет ауысты, деп хабарлайды The Guardian. Бұл – композитор, философ Джон Кейдждың "Барынша баяу" пьесасы. 2001 жылы басталған перфоманс 2640 жылы бір-ақ бітеді екен.

Аккордты ауыстырып жатқан органист Джулиан Лембке ©Маркус Шрайбер / AP

Джон Кейдж – ХХ ғасырда өмір сүрген ерекше композитор, ол 1952 жылы жарыққа шыққан, «4′33″» пьесасымен танымал. Мұнда ансамбль аспаптардан ешқандай дыбыс шығармай 4 минут 33 секунд бойы үнсіз отырады екен, ал тыңдарман сол сәттегі қоршаған орта дыбысына назар аударуы керек. Ал "Барынша баяу" пьесасы 1985 жылы жазылған. Оның ырғағы о баста анықталмаған еді, бірақ автор оны "мүмкіндігінше баяу орындаған жөн" деген екен.

Оның ізбасарлары дәл солай істеген. Содан 2001 жылы 5 қыркүйекте (композитордың туған күні) басталған әуен әлі күнге дейін Хальберштадтағы (Германия) Бурхард шіркеуінде ойнап тұр.

Осыған дейін пьесаның аккорды 12 рет ауысқан. Келесі аккорд 2022 жылғы 5 ақпанға жоспарланған.

Massaget.kz