- Негізгі бет
- Музыка
- Даниель Балавуанның қарындасы...
Даниель Балавуанның қарындасы Димаштың өнеріне тәнті болды
Даниель Балавуанның қарындасы Клэр Балавуан С8 (Француз телеканалы) арнасына қысқаша сұқбат беріп, арна тілшісімен бірге Димаштың "Singer" байқауында орындаған "S.O.S. D'un Terrien En Detresse" әнін тамашалады. Бұл әннің ең алғашқы орындаушысы әрі авторы – Даниель Балавуан. Ол әнді алғаш "Starmania" мюзиклі аясында (мюзикл 1978 жылы жазылған) орындады. Францияның әншісі Даниель Балавуан өзінің ғұмыр тарихында 8 альбом жазған. Соңғы альбомдарының бірі "Sauver l'amour" 1 миллион 240 мың данамен таралған.
"Оның дарыны Даниель секілді табиғи талант. Бұл өте шебер орындау. Ол әнді бүкіл жан дүниесімен беріліп айтады. Мен бұл жігіттің французша ән айтқаныны үшін бақыттымын!", – деді Клэр Балавуан.
Даниель Балавуан 1986 жылы 14 қаңтарда Даниель мали тұрғындарына қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға бара жатқан жолда әуе апатына ұшырап қаза тапты. Ол отырған тікұшақ кенеттен тұрған құм бораны салдарынан Мали төбесіне құлаған еді.
Еске сала кетейік, «Singer» байқауының жартылай финалы Хунан телеарнасынан 8 сәуір күні көрсетіледі. Байқаудың финалын 15 сәуір күні отандық Хабар арнасынан және Хунан телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.
Ж. Жұмағұлов