- Негізгі бет
- Музыка
- Данэлия Тулешованың ендігі...
Данэлия Тулешованың ендігі жоспары қандай?
Украиналық "Голос. Дiти" байқауында жеңімпаз атанған Дәнелі Төлешованың ата-анасы қыздарының алдағы жоспарларымен бөлісті. Қыздың анасы Елена Төлешованың айтуынша, олар жақын арада елге оралады. "Әрине біз өте қуаныштымыз. Түні бойы көз ілмей шықтық, бірер сағат қана ұйықтап, таңнан бері Дәнелі сұхбат беруге кірісті, қазір ол бірнеше басылымға тікелей эфирге шығады.
Алдағы жоспарлар бойынша, қазір ең бастысы елге аман есен оралып, екінші тоқсанда жақсы деген бағаға аяқтау. Жыл аяқталып жатыр, әртүрлі бақылау жұмыстарын тапсыру қажет, себебі қызым үшін бұл өте маңызды", - деді ол. Елена Төлешова "Голос" байқауына дайындық кезінде, мектептен үйге берілген тапсырмаларды орындап, дайындығын жалғастырған. Дәнелінің анасы екеуінің арасында таңертең болған диалогты айтып берді. Оның айтуынша, қызы былай деп сұраған: "Мам, сен осының барлығы шын екеніне сенесің бе?". Ол былай деп жауап берген: "Мен әзірге барлығын жіті түсіне алмадым".
Еске салайық, алматылық 10 жастағы Дәнелі Төлешова "Голос. Діти" шоуының финалында сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Суперфиналда Дәнелі "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адамның және өз ұстазы Дима MONATIK-тің көзіне жас алуына себепкері болды. Көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде Дәнелі Төлешова бірінші орынды иеленіп, "Голос. Діти" төртінші маусымының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол "елдің ең үздік балалар дауысы", "Наше радио" радиоарнасында ротация жасауға үш ай мүмкіндік және Disneyland Paris демалысына саяхатты жеңіп алды.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік