- Негізгі бет
- Музыка
- «Daft Punk» тобы...
«Daft Punk» тобы туралы не білеміз?
Daft Punk – 1993 жылы құрылған әйгілі француздық электронды музыкалық дуэт. Топ мүшелері - Томас Бангальте және Ги-Мануэл де Омем-Кристо.
90 жылдардың соңына қарай өз шығармаларын электро, хаус, диско және синтипоп жанрларында орындап, әлемде өзіндік орны бар француз хаусын қалыптастыршы ретінде жергілікті көрерменге атақты бола бастады. 1996 жылдан 2008 жылға дейін топтың менеджері «Ed Banger Records» музыкалық бірлестігінің басшысы Педро Винтер болды.
Алғашында Бангальте мен де Омем-Кристо топтың атын «Darlin’» деп қойды. Алайда қысқа уақыттың ішінде топ тарап, топ мүшелері өздерінің шығармашылығымен айналысып кетті. 1997 жылы музыканттар қайта бірлесе өнер көрсетуді ұйғарып, дуэт «Daft Punk» деген атпен қайтадан сахна төріне шықты. Сол жылы алғашқы «Homework» студиялық альбомын жарыққа шығарды. 2001 жылы дуэттің екінші альбомы «Discovery» Франциядағы өте сәтті шыққан альбомдардың бірі ретінде танылды. Альбомда клуб жанрында орындалатын «One More Time», «Digital Love» және «Harder, Better, Faster, Stronger» сияқты хит әндер бар. 2005 жылы Daft Punk-тің үшінші шыққан «Human After All» альбомы музыка сыншыларының қатал сынына ұшырады. Соған қарамастан, «Robot Rock» және «Technologic» әндері Ұлыбритания чарттарының алдыңғы орындарынан көрінді. 2007 жылы дуэт музыкалық турдан келген соң, «Alive 2007» атты келесі альбомын жазады. Бұл альбомның арқасында топ «Үздік электронды альбом» номинациясында «Грэмми» сыйлығының иегерлері атанады. 2013 жылдың мамыр айында Daft Punk «Random Access Memories» атты төртінші студиялық альбомын жарыққа шығарады. Альбомдағы «Get Lucky» әні бүкіләлемдік хитке айналады.
2014 жылдың 26 қаңтарында дуэт 56-шы «Грэмми» салтанатты кешінде бірден бірнеше номинацияда топ жарды.
Daft Punk өздерінің жанды дауыстағы орындаушылық шеберлігі, сахнаға ерекше рең беретін арнайы эффектерді сәтті қолдануы және өнер көрсету кезінде робот киімін киіп жүруі арқылы көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
Сурет: rollingstone.com
Ж. Исакаев