- Негізгі бет
- Музыка
- Чак Берри соңғы...
Чак Берри соңғы альбомын 68 жыл отасқан жарына арнапты
Жақында ғана әлемдік музыка өнерінде орны толмас қайғы орын алғанын хабарлап едік. Рок-н-ролл бағытының негізін қалаушы, ұлы музыкант Чак Берри өмірден өткен болатын. Оның әлі шығып үлгермеген жаңа альбомы туралы ақпарат осы жаңалықпен қатар таралғаны барша өнерсүйер қауымға мәлім.
Сонымен, маусым айында шығарылуға жоспарланып отырған «Chuck» альбомындағы «Big Boys» әні ғаламторда пайда болды. Альбом релизі жаздың алғашқы айының 16-шы жұлдызына белгіленген.
Чактың шығармашылық өмірінінің соңғы 40 жылында бірінші рет шыққалы тұрған альбом онымен 68 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір сүрген жарына арналыпты. Бұл туралы музыканттың досы Джо Эдвардс хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Чак Берри 18 наурыз күні 91 жасқа аяқ басқан шағында туған мекені Миссури штатында көз жұмды.
А. Оралқызы