Миллиондардың сүйіктісіне айналған қазақтың талантты ұлы, әнші Димаш Құдайбергеннің әлемдік турне аясында Қытайдың Чанша қаласында Бастау атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Әншінің кешіне Қазақстаннан анасы Света Айтбаева және өнердегі әкесі Лұқпан Жолдасов жары Айған Жолдасова, Самал тобы, Димаштың бірнеше әндерін әрлеуші досы Ерлан Бекчурин және т.б. арнайы барды. Оларды әуежайдан Қанат Айтбаев күтіп алды. Концертке арнайы жан жақтан жанкүйерлер (dears) келген көрінеді. Қазақстандық фан-топтар барлық жаңалықтармен бөлісіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан НазарбаевДимаш Тәуелсіздігіміздің бейнесі деген болатын. Ендеше, әншінің ұлы мереке тәуелсіздік күнінде өткелі отырған концертіне сәттілік тілейміз. Естеріңізге сала кетейік, Димаштың Бастау концерті ең бірінші Астана қаласында өткен болатын. Оған 30 мыңнан астам көрермендер жиналды.