Бүгін – аты әлемге танылып үлгерген қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің туған күні. Өзінің 26 жасын атап өткелі отырған әнші Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00 Instagram желісіне, 22:00-де YouTube желісінде тікелей эфирге шығып, өз тыңдармандарымен тілдесіп, құттықтауларды қабылдайтынын жеткізді.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзімен бірге, ата-анасын да құттықтады. "Сонымен, менің 26 жасым да келді. Ата-анамды менің туған күніммен құттықтаймын"— дейді ол.
So my 26th birthday has come. I congratulate my parents on my birthday)????
A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) onMay 23, 2020 at 11:50am PDT
Әншінің ресми YouTube-арнасына әр елдегі фанклубынан жинақталған шағын роликтерден тұратын арнайы видео жүктелді.