Бүгінде Қытай елінде өтіп жатқан "I am singer" ән байқауы қазақ жұртшылығының апта сайын күтетін бағдарламасына айналды. Олай дейтін себебіміз, Қазақстанның атынан бағын сынап жатқан жас талантты әнші Димаш Құдайбергеновтің өнерін тамашалағысы келген қазақ жұртшылығы кешке көк жәшіктің алдына телміреді.
Димаш бүкіл Қытай көрермендерін, тіпті әлемді өзінің ешкімге ұқсамайтын ерекше даусымен аузына қаратты. Өткен аптада хабарлағанымыздай отандасымыз бүгін Астана уақыты бойынша кешкі сағат 20:30-да өнер көрсетеді.
Бұл жолы Димаш Гонконгтың танымал жұлдызы Джеки Чун Хок-Яудың "Күзгі мұң" әнін орындайды.
2013 жылы өткен "I am singer" байқауында бұл әнді қытайлық әнші Ша Баолян айтқан болатын. Әзірге Ша Баолянның айтқан нұсқасын тыңдай отырыңыздар. Димаштың қалай айтатынын бүгін көретін боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз 3-кезеңде алғашқы үштіктен табылды.