Шоу-бизнестегі жағымсыз жаңалық: Бритни Спирс пен Джейсон Травик айрылысып кетті.
Жақында ғана олар салтанатты тойларын өткізбек болып бекініп жатқан. Ал енді болса... Үш жыл бойы жұптарын жазбай жүрген ғашықтардың бұл қылығы қалың көпшілікті таң-тамаша етіп отыр.
Бритни қаумалаған тілшілерге Джейсонмен дос болып қалатындығын айтқан. Жақын араласып тұратындықтарын, бірақ махаббаттың өтіп кеткенін хабарлаған.
Өз кезегінде әншінің тыңдармандары түсініксіз жағдайда қалып отыр. Олар жарасымды жұптың бұл қылығын кешірмек емес.
Сіз қалай ойлайсыз, Бритни мен Джейсонның ажырасуыне не себеп?
сурет:spletnik.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек