Әрбір әннің өзінің шығу тарихы мен есте қалар қызықтары болатыны сөзсіз. Сонымен қатар оны барлық жағдайда кәсіби орындап шығу үлкен талантты қажет етеді. Бүгінде отандық шоу-бизнес өкілдері фонограмма арқылы ән айтуды мықтап қолға алған. Қандай жиын, концерттерге бармасын студияда жазылған үнтаспаны қойып, өздері жәй ғана қосылып тұрады.
Алғаш мұндай әдіс шет елде белең ала бастаған уақытта тірі дауыспен ән шырқайтындар абдырап, қарсылықтарын білдірген екен. Бұл жайында көп адам біле бермейді. Фонограммамен ән айтуға наразы болғандардың бірі – британиялық "Muse" атты рок группасы. Италияның бір бағдарламасына шақырып, әлгі жігіттерге әннің жасанды түрде орындалатынын ескерткен. Алайда, әрбір дүниеге үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтар өздерінің үндеулерін тыныш қана көрсеткен. Олар топтың гитарада өнер көрсететін солисі Мэттью Белламиді соққы арқылы орындалатын аспапқа отырғызған. Ал дәл сол орында отыратын Доминик Ховардты бас-гитараға алмастырған. Топтың үшінші мүшесі Крис Уолстенхолм өзінің бас-гитарасын тастап, пернетақтамен ойналатын орынға жайғасқан. Бір сөзбен айтқанда, топ мүшелері тұрақты орындарын ауыстырып, наразылықтарын білдірген. Бұған қатты назар аудармаған түсірілім тобы эфирге беріп жіберген. Кейін барып әншілердің ойын аңғарған.