Әлемдік музыка қайнарлары саналатын аңызға бермес әндердің топтамасын ұсынуды жөн көрдік. Бірінші кезек Карлос Элет Альмаранның "Бір махаббат оқиғасы" әні жайлы болсын.
Бір махаббат оқиғасы
Жүрегім, сен енді бөтенсің маған...
Жалғыздық – жаралы жанымда қалған
Мен енді сені көрмеймін...
Құдайым сыйлаған махаббат,
Дерті де тым ауыр болған
Тек сен деп өмірді сүрдім!
Жалындым, жалбарындым, сүйдім!
Сен сүйген шақта таптым,
Сен берген жылулығыңды...
Сүю мен күюді осылай түйдім!
Historia de un Amor (Бір махаббат оқиғасы, История одной любви) – испан тілінде әрі болеро жанрында айтылатын ән. Әннің авторы панамалық Карлос Элет Альмаран. Ол бұл әнді 1954 жылы жазған екен. Ол өз ағасы Фернандоның әйелі қаза тапқанда осы бір қайғылы әнді жазыпты. Ал 1955 жылы аргентиналық әнші және актер Лео Марини орындаған.
Сол жылы бұл ән жазылған пластинкалар сатылымда рекорд ждасапты. Ән 1956 жылы осы аттас фильмде шырқалады. Басты рөлдерді сомдаған Елена Рамос пен Либертад Ламарк осы әнді тамылжытып орындайды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Af3CnxpxFJY","width":"450","height":"270"});
Аңызға айналған әнді кейінде Хулио Иглесиас, Далида, Ана Габриэль, Луис Мигель сияқты танымал әншілер орындайды екен. Бұл әннің ағылшын, француз, жапон, қытай тілдеріне аударылған нұсқалары да бар.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: livejournal.com