Жарнама – бүгінгі заманның табыс көзінің негізі. Жарнамасы өтімді кез келген кәсіп саласының айы оңынан туатыны анық. Diesel джинсы брендінің мына жарнамасы би тарихынан бұрын оның түрлерін көрсетеді. Би мәдениетінің дамығандығын, оның саласы сан қилы тарапқа жіктелгенін көрсетеді.
Билеу сіз үшін нені білдіреді?
Би – бұл еркіндік. Өзіңнің жеке әлеміне жол ашу дегенмен үндеседі. Билеу арқылы сіз бар мәселеңізді ойыңыздан шығарып тастап еркін қимылдайсыз. Билеу арқылы ашуыңызды шағарасыз. Билеу арқылы қуанышыңызды білдіресіз. Өзіңіздің болмысыңызды көрсетесіз.
Би – нағыз шайқастар алаңы. Сіз ең үздігі болуға ұмтыласыз. Би де – спорт. Әлсіздер алаңды босату керек.
Би – ол махаббат. Шынайы махаббат. Билеу арқылы махаббатыңызды білдіруге болады.
Би – бұл өмір. Би жай қозғалыс қана емес, түсінген адам үшін кітап іспеттес. Оқуың керек, түсінуің керек. Бидің де өз әліпбиі бар.