Қазнетте үлкен дауға ұласқан "Беш" атты бейнебаян туралы аталған бейнебаянның продюсері, шоумен Александр Шумский пікір білдірді.
Youtube видеоресурсында 1 шілде күні жарияланған «Беш» атты бейнебаян әзірге белгісіз себептермен өшірілгенін хабарлаған болатынбыз. Бейнеклип қандай себеппен видеоресурстан өшірілгенін Самсон Big Som Аракелянның өзінен сұрап көргенімізде, әншінің ресми парақшасына жауапты адам былай жауап берді: "Қайырлы күн. Бұл – парақшаның админі. Маған бұл бейнебаянның өшірілуін оның қоғамда шиеленіс тудыруымен, оған деген негативті пікірлердің артуымен түсіндірді. Сонымен қатар, желіге бейнебаянның дайын емес нұсқасы бірінші болып таралып кетіп, оның да сынға ұшырағаны себеп болды".
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_lH9f9e3SBk&feature","width":"450","height":"338"});
Естеріңізге сала кетсек, халық әртісі Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Big Som, Гурген Басенцян, Әли Оқапов, Александр Шумский, Давид Орбелиани, Ольга Кузнецова, Ерлан Мейірбеков сияқты әнші-орындаушылар түскен бейнеклип төңірегінде әлеуметтік желілер мен бірқатар басылымдарда ұлттық тағамымызды мазақ қылды делінген көзқарас пікірлер көбейген еді. Халықтың наразылығына Роза Қуанышқызы: «Мұнда тұрған еш өрескелдік жоқ. Керісінше, режиссерлер ұлттық тағамды насихаттайтын клипке түсуге шақырған соң келістім» десе, Нұрлан Абдуллин: «Бәрі насихат қой, ұлттық тағамды насихаттау керек. Қай түрін насихаттайсың – ол өз еркің, бұл жастарға өте керек зат» деген пікір айтқан болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай, Жолдас Өрісбаев
Сурет: YouTube сайтынан скриншот