- Негізгі бет
- Музыка
- Беркут пен Аиша...
Беркут пен Аиша тұңғыш рет ұлдарын көрсетті
Бір жыл бұрын Зеин есімді сәбидің ата-анасы атанған өнерлі жұп Беркут пен Аиша, Instagram желісіндегі ресми парақшасына тұңғыш рет ұлдарының суретін жариялады.
Бұған дейін әнші баласы Зеиннің суретін еш жерге жарияламай, көрермендерден тасада ұстауға тырысатын. Осылайша тәй-тәй басқан ұлының бір жасқа толар шағында жанкүйерлеріне көрсетуді жөн көріпті.
Зеин ата-анасымен осы күні гастрольдерге де шығатын болған.
Ал өнерлі жұп жақында "Бәрі жақсы болады" әндеріне бейнеклип ұсынды. Бейнеклип Еуропа елдеріне жасаған саяхатта түсірілген.
Сурет: art.gazeta.kz, instagram.com
Автор: Диана Мамытбекова
A. Mustafina