Биыл Қазан айында Индонезия аралының Бали қаласында ABU TV Song фестивалі 5-ші рет өтеді. Қазақ елі былтыр алғаш рет қатысып, біздің еліміздің атынан Димаш Құдайбергенов қатысқан болатын.
Фестивальде Азия-Тынық мұхиты одағының 50-ге жуық елдердің ассамблеясы қатысады. Биыл біздің елімізден Қазақстан Мәдениет және Спорт министрінің қолдауымен танымал әнші Бердібек Құлғараев бармақ. Әлемдік деңгейдегі фестивальге Бердібек Құлғарев тыңғылықты дайындалып жатыр, орындаушы қазір ән таңдау үстінде.
Естеріңізге сала кетейік, Бердібек Құлғараев “Нота по Нота”, “Талисман удачи”, “Возрождение”, “Паланга 2012” халықаралық байқауларының жеңімпазы, “Қазақстан дауысы” жобасының финалисті, “Славян базары” халықаралық байқауының 4-орын иегері және “Мир” арнасының арнайы сыйлығының иегері, “Дауыс KZ” тобының экс-әншісі.
Биография
★ Құлғараев Бердібек Мұхаммеджанұлы 1991 жылы 28 желтоқсан айында Маңғыстау облысы Жаңа-Өзен қаласында дүниеге келген.
Әкесі: Құлғара Мұхаммеджан Бітімбайұлы – Білікті элетромантер
Анасы: Құлғара Айткүл Сағындыққызы – Тігінші
Төрт әпкесі, бір інісі бар – Үлкені Толқынай, Толғанай, Айгүл, Ұштап. Үйдің кенжесі – Рысбек.
14 жасынан бастап Ақтау қаласында орналасқан Абай атындағы мәдениет сарайына «Радуга» атты балалар шығармашылығы студиясына вокал үйірмесіне қатысады. Ұстазы Салихат Кудусова Есжанқызы.
Орта мектеппен қоса (Ақтау қаласы нөмері 14 орта мектеп) , Бердібек, Темірбек Қараұлы Жүргенов атындығы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын эстардалық вокал мамандығы (БАКАЛАВР, МАГИСТРАТУРА) бойынша аяқтайды. (Ұстазы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор - Люция Түлешова Қажығалиқызы )
● Жетістіктері
☆ 2006 жылы Ақтау қаласында өткен облыстық «Музыкалық вояж» ән байқауына қатысып Бас жүлдені иеленеді. Бұл Бердібектің ең алғаш байқауы болатын.
☆ 2006 жылы Алматы қаласында өткен «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашығы байқауында 1-орынға ие болады.
☆ 2007 жылы Болгария елі Пазарджик қ. өтетін халықаралық «Нота по Нота» конкурсында кезекті жеңісін қанжығасына байлады.
☆ 2007 жыл Түркия елі Алания қаласындағы «Талисман удачи» халықаралық балалар байқауынан да жеңіспен оралады.
☆ 2008 жылы Ақтау қаласында 2-ші рет өткен облыс арасындағы телевизиялық «Жұлдыз болғым келеді» ән байқауында Бас жүлдені жеңіп алады.
☆ 2009 жылы Республиқалық «Жұлдыз» байқауының лауреты атанды ( Қарағанды қаласы )
☆ 2012 жылы Арменияда өткен «Возрождение» Халықаралық фестиваль-байқауының бас жүлде иегері.
☆ 2012 жылы Литва елінде өткен «Паланга 2012» халықаралық фестиваль байқауының бас жүлде және ханзада атағын иеленеді.
☆ 2012 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Халықаралық Мюзикл фетиваль байқауының алғаш рет қазақ тілінде қойылған «Ромео мен Джульетта» мюзиклінде Ромео ролін сомдап алтын Кубогын жеңіп алды. (Режисер Еслям Нуртазин. Балетмейстер – Бахарова Гюльназ)
☆ 2013 жылы Белоруссия елi Витебск қаласында өткен Халықаралық «Славянский базар» байқауының Мир телеканалынын арнайы сыйлық иегері, және 21 елдің iшiнен 4-орынды қанжығасына байлады.
☆ 2013,2014 жылы Республикамызда алғаш рет өткізілген телевизиялық «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып Финалист атанды.
Тағы да басқа байқауларға қатысып жеңіс тұғырынан көрінді. Онымен қоса республикамызда, шет елдерде (Біріккен Араб Әмірлігі, Швейцария, Германия, Италия, Голландия, Украина, Ресей, Оңтүстік Корея, Израиль, Франция т.б..) өткен мәдени іс шараларға қатысты.
Дереккөз: Жұлдыздар әлемі