Продюсер Баян Есентаева "Алло" бейнебаянының сюжеті бойынша фильм түсіреді.
"Бұл жұп ғаламторды жарды. Жәй ғана емес. Сіздерге ән де, бейнебаянның тарихы да ұнады. Рақмет, біз барымызды салдық. Ал енді жаңалықтың өзіне көшсек! Біз толықметражды фильмді бастадық. Биыл күзде Сіздерді еліміздің барлық кинотеатрына шақырамыз. Басты рөлдерде Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі", − деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, бейнебаян бүгінге дейін бес миллионнан аса көріліп, әнсүйер қауымның көңілінен шықты. Ел арасында бейнебаянға түсірілген пародиялар да аз емес.
Дереккөз: Tengrinews