АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама музыка саласындағы аса беделді Billboard чартына лайықты ән жазды.
Бұл туынды композитор Лин-Мануэль Миранданың ("Гамильтон" мюзиклі арқылы танымал) идеясымен жүзеге асқан. Ол "One Last Time" әнін жаздырарда соңындағы Джордж Вашингтонның сөзін Обама оқығанын қалаған. Таспаны шығаруға Кристофер Джексон, Беб Уинанс пен Алекс Лакамоер сынды талантты музыканттар үлес қосты.
One Last Time (44 Remix) композициясы қазір Billboard чартының R&B айдарында 22-ші сатыға көтерілді. Ән Youtube желісіне жүктелген сәттен бастап бірнеше сағат ішінде миллионнан астам қаралым жинады.