Астанада Ұлттық Бала дауысы ән байқауы аясында 26 сәуірде өтетін салтанатты кеш елорданың 20 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Қазақстанда Әлия Назарбаеваның Жандану әлемі қорының бірегей жобасы Ұлттық Бала дауысы балалар ән байқауының үшінші маусымы өз бастауын алды. Еліміздегі балалар арасында өтетін ең ауқымды ән байқауына биыл ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының қоры және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау жасайды. Байқаудың негізгі мақсаты - музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу, - дейді ұйымдастырушылар. Балалар ән байқауына қатысуға өтінімді 15 наурыз бен 15 сәуір аралығындабере алады. Еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу өтеді.Байқауға 8-12 жас аралығындағы балалар дайындық деңгейіне қарамастан қатыса алады. 18 ең үздік бала ғана байқаудың Супер финалына жолдама алады. Күзде еліміздің үздік 18 дауысы Жұлдызды арман үйінде, Алатаудың баурайында орналасқан Бөбек Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне дайындайды, - делінген хабарламада. Сонымен қатар,27 қазан мен 8 желтоқсан аралығындағы әр сенбі сайын бүкіл ел өз сүйікті қатысушысына дауыс бере алады.Байқаудың барлық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды. Барлық финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталса, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға Грантты, ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді. Айта кетейік, Бала дауысы байқауының супер-финалы 8 желтоқсанда Астана қаласының Қазақстан орталық концерт залында өтеді. Дереккөз:tengrinews.kz