- Негізгі бет
- Музыка
- Әзілің жарасса, ұлыңмен...
Әзілің жарасса, ұлыңмен ойна
Америкалық танымал актер Уилл Смит өзінің ұлы Джейдон Смиттің Icon әніне түсірілген бейнебаянына ремейк жасады. Оны Голливуд жұлдызы кеше Instagram парақшасына жариялады.
Смит ұлының туындысындағы ең қызықты сәттерді күлкіге айналдырып, композицияға қалжың трейлер түсірді. Роликтің соңында Смит Джейденді 100 миллион тыңдалымымен құттықтады. Видеоның астына «Ата-ана үшін баласының жетістігін көру — үлкен марапат. Ісіңді жалғастыра бер» деген жазба қалдырды. 19 жастағы Джейден 20-дан астам сингл шығарып үлгерді. Сондай-ақ, бала кезінен фильмдерге түсіп жүр.
Джейден болса, әкесінің әзілін жақсы қабылдап: «Мен ешқашан сенен артық әке сұраған емеспін» деген жауап жазба қалдырды. Расымен, жас таланттың бойындағы қасиеттер оған әкесінен дарыса керек. Себебі, актерлік ойын мен харизмадан бөлек, рэп айтуы да ерекше.
Естеріңізге сала кетейік, Уилл Смит 1990 жылдардың соңында DJ Jazzy Jeff & the Fresh Prince дуэті құрамында өнер көрсетіп, үздік рэппер ретінде аса беделді музыкалық марапат «Грэммиді» қанжығасына байлаған болатын.
Бұл әдемі әзілдің куәсі боламын десеңіз, мархабат. Бірінші видео — түпнұсқа, екіншісі — Уилл Смиттің "туындысы".
А. Оралқызы