"Кешью" тобының экс-әншісі Айдана Меденова сұлулық салонын ашуды жоспарлады, -деп хабарлайды Baistars.kz. Тұрмысқа шығып, ана атанған Айдана енді жеке әншілігін қолға алып, бірнеше ән жазған еді. Алайда әнші өзін басқа қырынан сынап көрмек. Ол "Айдана Меденованың сән студиясы" деп аталатын сұлулық салонын ашып, қыздардың әсем көрінуіне ықпал етпек. Қазір Айдана салонына білікті мамандар іздеу үстінде екен.
Айта кетейік, әнші қазіргі уақытта "Менімен биле" атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр.