- Негізгі бет
- Музыка
- Ата-ана жолын жалғаған...
Ата-ана жолын жалғаған жұлдыздар
Шоу-бизнестегі жұлдыздардың өмірі мен тыныс-тіршілігі кімге болса да қызық. Олардың отбасылары қандай, балалары бар ма? Осы тұрғыда ата-ана жолын жалғаған жұлдызды жандарды назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиевтың қызы Ділназ Ахмадиева әкесінің ізімен өнер жолын таңдаған болатын.
Цирк әртістері Мурат пен Карима да әкесі Карим Мутургановтың жолын жалғады.
Белгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың балалары: композитор Алмас Серкебаев, "А-Студио" тобының мүшесі Байғали Серкебаев және журналист-жазушы Ирина Серкебаева. Жәмилә Серкебаева олардың немере қарындасы болып келеді.
Композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның қызы бүгінде белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова
Ұлықпан Жолдасов балалары Болат пен Фариданы бала кезінен өнерге баулыды.
Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның тұңғышы Али Оқапов қазір танымал әншіге айналып үлгерді.
Актриса Лидия Каденованың ұлы Дидар Каденнің де шоу–бизнесте белгілі орынға ие.
Танымал әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев та өз дегеніне жетіп, өнер саласына ат басын бұрды.
Дереккөзі: anabol.kz
Қ. Бүйенбай