Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді

Қазақстандық белгілі домбырашы Асылбек Еңсепов үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Той 6 тамызда өтті. 36 жастағы музыкант Айжан есімде қызбен үйленіпті. Тойда достары, шоумен Нұртас Адамбаев, "МузАРТ" тобының солистері, әнші Тамара Асар және композитор Ренат Гайсин болды.


Әлеуметтік желілерден алынған сурет. 

Домбырашы Асылбек Еңсепов 1980 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Жұбанов атындағы музыка мектебін тәмамдаған. Көптеген фестивальдар мен конкурстардың лауреаты атанған. 1992 жылы "Жаңа есімдер" мәдени қорының стипендианты атанды. 1999 жылы "Жыл әні - Алтын диск" телевизиялық фестивалінің "Жыл жаңалығы" аталымын жеңіп алды. 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының, ал 2005 жылы "Дарын" сыйлығының иегері атанған.