- Негізгі бет
- Музыка
- Астаналық бишілер Кореяда...
Астаналық бишілер Кореяда Қазақстанның намысын қорғайды
Фото:
Дәулет Анарбеков вконтакте парақшасынан
Ақтауда халықаралық AKTAU OPEN FEST-2015 спорт және музыка фестивалі аяқталды, - деп хабарлайды baistars.kz сайты.
Фестиваль барысында брейк-данстан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Турнирдің нәтижесі бойынша астаналық егіз ағайынды Әділет пен Дәулет Анарбековтер жеңіске жетті.
Енді олар Оңтүстік Кореяда өтетін брейк-данстан Әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайды. Сонымен бірге, фестивальде брейк-данстан бөлек паркур. көше билері мен спорттың бірнеше түрі бойынша мықтылар анықталды.
AKTAU OPEN FEST-2015 осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Үш күн бойы жалғасын тапқан биылғы шараны 60 мыңдай адам тамашалады.
@. @assel_assanova