Астанада пианист Ұлан Құлмәметов концерт берді

Астанада пианист Ұлан Құлмәметов концерт берді

Кеше кешкілік Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Орган залында елорда тұрғындары халықаралық байқаулардың лауреаты пианист Ұлан Құлмәметов көрермендерді әлем классиктерінің музыка тіліндегі өшпес мұраларымен сусындатты. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлан Құлмәметов журналистерге берген сұхбатында: "Бүгін фортепиано музыкасының жеке концерті өтті. Мен Бетховеннің – 2-шы сонатасын, тағы да «Қоштасу», «Полонез» Шопеннің ля-бемоль мажоры, «Симфониялық этюдтер», Шуманның, Шопеннің «Ноктюрны» мен Листің «Мефисто вальсін» орындадым. Мен көбіне өзімнің жаныма жақын, көңіл-күйімді көтеретін туындыларды орындауға тырысамын. Бұл концертте де солай болды", - деп ағынан жарылды.

Ұлан Құлмәметов – Петр Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның музыка тарихы мен қазіргі заман фортепиано өнерінің тенденциясын жете түсінуі бағдарламаға айырықша өң берді.

Массагет порталы бұған дейін Қазақстанның Астана қаласында 10-16 мамыр аралығында өтетін "Astana Piano Passion" І Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианистер байқауы өтетіндігін хабарлаған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget