Астанада Павел Нерсесьянның жеке концерті өтті

Астанада Павел Нерсесьянның жеке концерті өтті

12 мамырда Астанада Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский мен Бостон университетінің профессоры Павел Нерсесьянның жеке концерті өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бейбітшілік пен келісім сарайында фортепиано музыкасы мен сирек шығармалардың қамқоршылары бас қосты. Көпқырлы палитра үндері мен ырғақтар, испан музыкасының керемет құбылыстары мен үзінділері қонақтарды таңқалдырды. Әріптестерінің өнерін тамашалауға Ресейдің халық әртісі, байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуев та келді", - делінген таратылған ақпаратта.

Бірінші бөлімінде маэстро Энрик Гранадостың «Романтикалық сахна», Исаак Альбенистің «Иберия» циклінен пьеса орындады. Он бес минуттық антракттен кейін қонақтар Ф. Листің «Дж.Верди мен Р.Вагнердің опералық транскрипциясын» тыңдады.

Маэстроның ойны көрермендерге ұнағаны сонша, зал ұзақ уақыт оны сахнадан жібергісі келмей, алақан қыздыра қол соқты. Павел Нерсесьян аудиторияның өтінішіне құлақ асып, сахнаға қайта шықты. Кеш өте көңілді өтті. Бүгін осы сахнада Қазақстан фортепиано өнерінің хас шебері Жәния Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: piano.kharkov.ua

Massaget