Қазақстандық әртіс Қайрат Нұртас Астанада «Мазала» атты жаңа әнінің тұсауын кесті. Аталған туынды әншінің «Мен ғашықпын» деп аталатын альбомына кірді деп хабарлайды Астанадағы NUR.KZ тілшісі.
Шығармашылық кеш «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынында өткізіліп, тыңдармандар Қайрат Нұртасқа көкейіндегі сауалдарын жолдады.
Кейіннен әртіс жаңа альбомынан бірнеше хит әндерін орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Қайрат сахнадан кеткен соң, жанкүйерлер әншінің ән жазбалары мен қолтаңбасын алуға тап берді. Бір қызығы, осы кеште кумирін көруге келген тыңдармандардың басым бөлігін жігіттер құраған.
Бұл кездесуде жанкүйерлер жанжал шығарып, ән дискілеріне қолы жетпеген қыздар ұйымдастырушыларды “альбомның көбісін өздері тығып қойған” деп кінәлады.
Дереккөзі: NUR.KZ