Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен «AstanaPianoPassion» жас пианистердің байқауы аясында Астанада Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованың концерті өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Фортепиано өнерінің Һас шебері фестивальге сыйлық жасап, елордасына Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының талантты дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты Қанат Омаров жетекшілік ететін Симфониялық оркестрдің өнерін ұсынады.
Концерт бағдарламасына № 9 симфония, ми минор, «Жаңа әлемнен», Антонин Дворжактің шығармасы, және «№ 1 оркестрмен фортепиано үшін концерт», ре минор, Йоганнес Брамстің op.15. енген", - делінген таратылған ақпаратта.
13 мамырда Бейбітшілік пен келісім сарайында «Жаңа әлемнің симфониясы» Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Симфониялық оркестрінің орындауында Астана жұртшылығына ұсынылады.
Екінші бөлімде Жәния Әубәкірова музыка тарихындағы ең ұлы шығармалардың бірі – Йоганнес Брамстің «№ 1 оркестрмен фортепиано үшін концертін» орындайды.
Қазақстанның фортепиано өнерінің Һас шебері Жәния Әубәкірованың концерті 13 мамырда Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Астана қаласында 10-16 мамыр аралығында өтетін "Astana Piano Passion" І Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианистер байқауы өтетіндігін хабарланған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tengrinews.kz