29 мамыр күні Қазақ елі монументінің жанында құрылатын үлкен сахнада отандық және ресейлік жұлдыздар өнер көрсетеді. 7 арна мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып жатқан шара Ұлы дала бірлігі деген атқа ие болды. Шынымен, Сарыарқаның төріндегі кеш көпшілік қауым үшін ерекше болатынына еш күмәніміз жоқ. Бас қаламыздың 20 жылдығына орай өтетін бұл концертте еліміздің сүйікті әншілері Музарт Life тобы, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Камшат Жолдыбаева, 91 тобы, Маржан Арапбаева, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді. Сонымен қатар Дима Билан, Макс Барских, Сергей Лазарев, Натан, Анна Седокова, Лена Темникова секілді Ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары да әндерін шырқайтын болады. Көршілес елдің әртістері Қазақстандық тыңдарманның алдына шыққанды жақсы көреді. Бұған дәлел кейбір әншілердің осы шараға жыл сайын келуі. Мәселен Натан былтырғы Open air шоуынан кейін Қазақстандық әртістер Ресей шоу-бизнесінде де өз орындарын тапқан. Өзім Қайрат Нұртасты жақсы көріп тыңдаймын, өмірде де жақсы араласамыз деген болатын. Мұндай шара осымен 4 рет өткізіледі. Осыған дейін үлкен алаңда шамамен 50 мың адам болса, биыл 80 мың адам қонақ күтілуде. Шара 5 сағат бойы 7 арнаның тікелей эфирінде көрсетіледі. Сондықтан, келіп көріп үлгермегендер, ауыл-аймақтағылар теледидардан тамашалай алады. Кеш жүргізушілері Айнұр Ілиясова, Азат Әбікен және Азамат пен Антон. Бірнеше сағаттық ауқымды жоба барысында олар көрермендерді күлдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бөлек айта кететін жайт, концерт қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқандықтан, оразадағы бауырлар үшін үзіліс қарастырылған. Концерт сағат 18.30да басталады. 21.20-21.30 аралығындағы уақыт ауыз ашарға беріледі. Аспан асты шоу 23.00 ге дейін жалғасады деп күтілуде.