Астанада 340 орындық концерт залы ашылды

Астанада 340 орындық концерт залы ашылды

Астана қаласында «Тiлеп сарайы» атты жаңа концерттік залдың салтанатты түрде ашылуы болды. 

Ашылу салтанатында ҚР мәдениет және ақпарат Министрі Дархан Мыңбай өзінің құттықтау сөз сөйлеп, "Қазақстанда мәдениетке жаны ашитын жандардың көп болуын" тіледі. 

340 орындық жаңа концерт залы  қазақстандық меценат, "Тілеп" қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақовтың жетекшілігімен салынды.

Концерт залы қазақтың фольклорлық өнерін насихаттау мақсатында салынған. 


Ғимаратттың жалпы ауданы 2786 кв. м. Ішінде қонақ үй, мейрамхана, фитнес-орталық, кеңсе бар. 

Залдың ашылуында  "Көк түркілер" ансамблі,  №58 лицейдің балалар хоры және "Рауан" ансамблі мен басқа да өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік шара өтті. 

Сонымен қатар жаңа концерт залының сахнасында алғашқылардың бірі болып өмірге перзент әкелгелі сахнаға шықпай жүрген Майра Мұхаммедқызы да өнер көрсетті. 

Салтанатты шараға КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Еркеғали Рахмадиев пен белгілі скрипкашы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев қатысты. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: astana.restoran.kz

А. Әбілхан