Танымал қазақстандық аспапшылар, сонымен қатар жас дарынды музыканттар тыңдарман қауымға өткен ғасырдағы атақты композиторлардың керемет туындыларын паш етпек. 1 тамыз күні Астана Опера театрының Камералық залы сахнасында ХХ ғасырдағы камералық музыка концерті өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана Операның бірінші скрипкасы әрі оркестр солисі Бағдат Әбілханов аспапты шебер меңгеру өнерімен елорда тұрғындары мен қала қонақтарын тәнті етпек. Онымен бірге Камералық зал сахнасына тамаша музыканттар оркестр әртісі Курванжан Ахатов (виолончель), Динара Сартай (фортепиано), сонымен қатар шақырылған солистер Қаламқас Жұмабаева (скрипка), Жанна Семченкова (скрипка, Мәскеу), Павел Романенко (альт, Мәскеу), Думан Жамалқожа (альт, Новосібір), Ажар Қадырова (виолончель, Мәскеу) шығады. Қазақстандық сазгер Хабиболла Сетековтың ішекті аспаптар квартеті шырқалады. Өткен ғасырдағы 80-жылдардың ортасында жазылған шығарма күні бүгінге дейін көптеген отандық музыканттардың репертуарынан ойып тұрып орын алады. Сонымен қатар музыкалық кештің бағдарламасына Арнольд Шёнбергтің Просветленная ночь ішекті аспаптар секстеті (ор.4) енген. Секстет таңғажайып эмоционалдық күшімен, мәнерлілігімен, қуатты музыкалық бейнелерімен ерекшеленеді. Жаңашыл композитор А.Шёнбергтің шығармалары тыңдарманға айрықша әсер ету қабілетіне ие. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына Д.Шостаковичтің Фортепианолық квинтеті соль минор (шығ.57) ұсынылады, бұл туынды сазгердің шығармашылығындағы ең жемісті жетістіктерінің қатарына жатады. Тыңдарман қауым да, қатал сыншылар да осынау квинтеттің тұсаукесерін шаттықпен қабыл алды он жылдықтар бойы ол Д.Шостаковичтің ең үздік шығармаларының бірі әрі бірегейі, сонымен қатар ХХ ғасырдағы барша музыкалық әдебиеттегі осынау жанрдың шоқтығы биік туындысы болып қала бермек.