Жақында өткен "Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесі еліміздегі музыка саласындағы аты шулы шара болды. 100 кәсіби маманнан тұратын әділ қазылар кімдерді үздік деп таныды?
Астананың "Қазақстан" концерт залында өткен шара әншілер, сазгерлер, продюсерлер, БАҚ өкілдерінің және қарапайым көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. 15 аталым бойынша 45 үміткер сахнадан өз атының аталуын күтті.
Сонымен 100 кәсіби маманнан тұратын Музыкалық Академия өкілдерінің шешімімен Қазақстандағы тұңғыш музыкалық бәйгедегі жеңіс мына үздіктерге тиесілі болды.
"Үздік концерттік шоу" аталымы бойынша жеңіске жеткен Роза Рымбаева және оның ұлы, "Жаңа тыныс" аталымның иегері Әли Оқапов.
"Үздік клипмейкер" аталымы бойынша жеңіс ағалы-інілі Задорновскийларға бұйырды. Сыйды Максим Задарновский алып кетті.
"Үздік этнотоп" – Ұлытау.
"Үздік жігіттер тобы" аталымын баршаға сүйікті топ – Мұзарт тобы алды.
"Қыздар арасындағы үздік әнші" – Маржан Арапбаева.
Хит-тв телеарнасының белгілеген арнайы сыйлығын Орда тобы алды.
"Үздік қыздар тобы" – Кешью. Қыздардың сыйлығын топ продюсері Баян Есентаева алды.
"Үздік сазгер" – Талғат Сарыбаев.
"Ең стильді әнші" – Лидо.
"Үздік дуэт" – Мюзикола.
"Үздік өңдеуші" – Виктор Хоменков.
"Үздік мәтін авторы" – Фариза Оңғарсынова.
"Жыл әні" аталымы Мұзарт тобының "Қазақтай ел қайда" әніне берілді.
"Үзді би тобы" – Виват.
"Ерлер арасындағы үздік әнші" – Жұбаныш Жексенұлы.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова