Астана ЭКСПО-2017 туын салтанатты түрде атап өтті

Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы Қазақстанда ірі шаралардың бірі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді деп жоспарланып отыр. Жақында, Париж қаласында елордамыз АстанаЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесінің астанасы ретінде ресми және түпкілікті түрде танылып, Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының туы Қазақстанға салтанатты түрде табыс етілген болатын. Осыған орай 21 маусым күні Астанада салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Салтанатты кешке тоқталмас бұрын, ЭКСПО-2017 туралы шағын мәлімет беріп, бұл әлемдік шараның мемлекетімізге қандай маңызы барын айта кетсек деп отырмыз.

Жалпы, техникалық және технологиялық жетістіктерді әлемге паш етуге мүмкіндік беретін ЭКСПО (EXPO) халықаралық көрмесі екіге бөлінеді. Бірі бес жылда бір келіп, алты айға созылса, екіншісі «ЭКСПО мамандандырылған көрме» деп аталып, арнайы тақырып бойынша үш айға жалғасады. Бізде осы екінші түрі өткізілмек. Көрмеге «Болашақ энергиясы» деген тақырып берілгені мәлім. Яғни, әр мемлекет қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларын, бағдарламалары мен технология зерттеулерін, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыратын технологиялар, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қуат көзін үнемдеу бағдарламаларын, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға бағытталған озық технологияларын ұсынады. Көрмеде ұсынылған соңғы технология үлгілеріне әр мемлекеттің энергетика, техника және т.б. мамандары баға беріп, қажет болса, мемлекетінің энергетикалық дамуына сатып алуы да мүмкін. 

ЭКСПО-2017 көрмесі ауқымы жағынан Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарына жетпесе де, өз саласында, яғни энергетика, технология саласында маңызды рөлге ие. Біздің міндетіміз – шараны жоғары деңгейде өткізіп, ұтымды тұстарын қарастыру. Шара өту барысында әлемнің түпкір-түкпірінен 5 млн.-ға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр. Ал олардан түсетін табыс еліміздің шағын және орта кәсібін дамытуға, инфрақұрылым дайындау, ғимараттар салу барысында қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, сонымен қатар қаланың көркеюіне, еліміздің атағы дүркіреуіне үлкен септігін тигізеді.

Осы ауқымды шараның Қазақстан сияқты жас мемлекетте өткізілуі еліміз үшін үлкен абырой, өйткені бұған дейін ТМД мен Орта Азия аумағында ЭКСПО-ны өткізу бақыты ешбір елге бұйырмаған. Бұл да тойлауға, атап өтуге бір себеп екені рас.

Атап өткеніміздей, үстіміздегі жылдың маусымның 11-і күні Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтері орналасқан Парижде Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесінің қожайыны ретінде бюро туы табыс етілді. Халықаралық көрмелер бюросының «Астана-ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік көр­месін ресми түрде тануы және Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының туы Қазақстанға салтанатты түрде тапсырылғандығы Астанада 21 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде ауқымды түрде атап өтілді.

Шараға қазақстандық және шетелдік өнерпаздар қатысып, Қазақстанның осындай кішігірім жетістігімен құттықтады. «Сарыарқа» велотрегіне жиналған көрермендер де, өз кезегінде, қазақстандық танымал «Ұлытау», «Орда», «Кешyou», «Ринго» топтары мен Ғалымжан Молданазар, Әли Оқапов, Алмас Кішкенбаев сынды әншілердің өнеріне тәнті болды. Сонымен қатар, қазірде хит әндерімен радиоқабылдағыштарды "жарып" жүрген Виктория Дайнеко, Нюша, «Серебро» тобы сияқты өнерпаздарың әндеріне қосылып айтып, көңіл көтерді. Кешті ресейлік әртістер Алексей Чумаков пен Юлия Ковальчук және қазақстандық жүргізушілер Арнұр Ыстыбаев пен Мария Зубенко жүргізді.

Кешyou тобы

Ринго тобы

Ғалымжан Молданазар

Алексей Чумаков пен Юлия Ковальчук

Әли Оқапов

Алмас Кішкенбаев

Орда тобы

Арнұр Ыстыбаев пен Мария Зубенко

Виктория Дайнеко

Нюша

Серебро тобы

Алайда, көптеген корей жанкүйерлері үшін кореялық бойз-бенд «MBLAQ» тобының өнер көрсетуі үлкен жаңалық болды. Осыдан екі жыл бұрын ЭКСПО көрмесін Оңтүстік Корея Йосу қаласында өткізгені мәлім. Топ жігіттері Астананың көрікті қала екенін атап өтіп, мұнда да жанкүйерлері бар екеніне таңданыстарын жасырмады. Үш жылдан кейін өтетін көрменің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, болашақта, мүмкіндік болса, тағы қонаққа келетіндерін айтты.

MBLAQ тобы

Естеріңізге сала кетсек, «MBLAQ» тобын қазақстандықтарға «Ыстық ұя» телехикаясы арқылы танымал Rain (Чон Джихун) 2009 жылы құрған болатын. Топ Оңтүстік Кореямен қатар, Жапонияда да кең танымал. Аталған концертте жігіттер ең танымал әндерін орындап, қазақстандық k-pop жанкүйерлерінің көңілінен шықты. Ал біз өз кезегімізде, сайтымыздың k-pop жанкүйерлеріне арнап «MBLAQ» тобының концертте орындаған әндерінен үзінділер ұсынамыз.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wog811X0W3M","width":"450","height":"338"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/CiXcPWjV1W0","width":"450","height":"338"});

Сурет: almaty.tv, expo2017astana.com, Анар Мұстафина

Автор: Анар Мұстафина