Грузин әншісі Сосо Павлиашвили көктемнің алғашқы күндерінде “От Астаны и до Москвы” деп аталатын бейнебаянының тұсауын кесті.
“От Астаны и до Москвы” – бұл өте әсерлі оқиғаға негізделген. Ол керемет Астана мен Мәскеу арасындағы махаббатты бейнелейді. Сосо шығармашылығы әркез әйелдерге арналған. Бұл оны қанаттандырып, шабыт береді”, – деп жазылған әншінің Инстаграмдағы парақшасында.
Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресейді жүргізілген. Басты рөлде танымал қазақстандық актриса әрі әнші Аша Матай ойнаған.