Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі жалғасып жатыр. Фестиваль open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңда өтіп жатыр.
"Барабаны Алматы" жобасының музыканттары мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашыларынан кейін сахнада алматылықтарға таныс башқұрстандық "Арғымақ" тобының музыканттары өнер көрсетті. Бұл жолы олар елімізге қызық бағдарлама дайындап, ұлттық нақышта бірнеше рок-баллада орындады.
Топтың солисі Ренат Рамазановтың айтуынша, түркі ұлттары ежелден бері бір-біріне жақын болған. Алматы тұрғындары да музыканттарды жылы қарсы алыпты. "Ұлттар арасындағы мәдениетпен алмасу бүгінде өте маңызды. Себебі мәдениет барлық адамды біріктіре алады. Адамдарда махаббат деген сезім пайда болады. Біз осындай фестивальге қатысуға мүмкіндіктің барына қуаныштымыз. (...) Бізде Башқұрстандағы өнер академиясында сақтаулы тұрған ескі әуендердің жинағы бар. Онда ұлттық фольклор көп. Ол әндерді біз үнемі тыңдаймыз және қазір де тыңдармандарымыздың жүрегіне жеткізуге тырысамыз", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін фестивальге қазақстандық Aldaspan тобы қатысқан болатын. Музыканттар бұл фестивальге үнемі қатысып жүр. Олардың әндері ауыр болғанымен, нағыз этникалық хар-рок. Дегенмен, онда лирика да сақталған. Топ рок-музыканы сүйетін тыңдармандарын жандандыра алды.
Музыканттардың айтуынша, биыл олар бағдарламасына тек бір заманауи әнді қосқан, ал қалған әндері ұлттық нақышта екен. Топ мүшелерінің ойынша, мұндай бағдарлама көрермендерге қатты ұнады.
Tengri Fm мен Жулдыз Fm радиостанциясының директоры Мадина Уморбекованың айтуынша, биыл ұйымдастырушылар шараға қатысатын орындаушыларға толық және кеңейтілген бағдарлама дайындады.
"Біздің ойымызша, фестивальде музыканттар өздерін таныстырып қана емес, музыкалық бағдарламасын барынша ашып көрсетуі керек. Біз де осы жолы оларға осындай мүмкіндік беріп отырмыз. Сондықтан әр қатысушыға 30-40 минут беріледі.
Ең бастысы, бұл жолы фестивальдің өзінің белгілері болады. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі белгілер фестивальдің барлық мазмұнын, яғни фестивальдің мультимәдениеті мен халық арасындағы мәдениетін ашады", - деді ол.
Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.
Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.
Дереккөз: tengrinews.kz