Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы қымызды насихаттайтын жаңа эстафета ойлап тапты. Видеодан "Қымызмұрындыққа" қатысқан адамдардың ән салып, қымыз ішіп отырғанын көруге болады.
Әнші кезекті МузАРТ тобының әншілері Мейрамбек Беспаевқа, Сәкен Майғазиевке, Кенжебек Жанәбіловке, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және жүргізуші Асхан Садырбайға аманаттап тапсырды. "Қымызмұрындық" деп аталған эстафета шарты бойынша, кезекті алған қазақстандық әншілер қымыз ішіп отырған сәттерін видеоға түсіріп, оны интернетте таратуы керек. Бұл арқылы олар қазақтың ұлттық сусынын насихаттайды екен.
Заттыбек Көпбосынұлының "Қымызмұрындығы" айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның киіз үйінде өтті. "Қазақта Қымызмұрындық деген мереке бар. Бірақ ол алғаш көкке қол жеткенде, биені алғаш сауған кезде болатын дәстүр. Ал бұл жердегі негізгі мақсат қымызды қай кезде де ішуге болатынын насихаттау",-дейді идея авторы.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZW9jwIwfqTg&feature","width":"450","height":"255"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: zattybek.kz, видео Берік Сұлтан