Венгриялық әнші Boggie "Парфюм" деп аталатын әнге бейнеклип түсірді. Бейнеклипте ән айту үстінде оның бет-әлпетін кәсіби видео-редактор өңдейді.
Бүгінге дейін аталған ән youtube.com желісінде 5 588 530 рет көріліп, рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Туынды әншілердің тым артық боянып, ел көзінде жасандылыққа көп баратынын сынайды. Бейнеклиптің тағы да бір артықшылығы адам сәнін келтіретін жасанды ретушь түсірілім барысында жасалған. Әншінің ойынша, адамның шынайы келбеті жасанды әдеміліктен әлдеқайда артық.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/5qrGOi41iwE#t","width":"450","height":"255"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: artlab.it