Ани Лорак Алматыны Астанамен шатастырды

Ани Лорак Алматыны Астанамен шатастырды

Алматыда өткен ЕМА-2014 марапаттау салтанатына арналған концертте ән шырқаған Ани Лорак Алматыны Астанамен шатастырды. Ән айтып жүріп көрермендердің белсенділігін көтерем деген Ани ханым "Астана" деп айтып қалып, артынан өзі өнер көрсетіп тұрған киелі сахна Алматы қаласына тиесілі екені есіне түсіп, "Алматы" деп сөзін дұрыстады.

Украиналық әншіге бұл кеште "Евразия әртісі – 2014" атағы бұйырды. Бұл туралы Ани Лорактың өзі әлеуметтік желісіне сурет салып: "Махаббаттарыңыз үшін рақмет, Қазақстан! ЕМА жүлдесінде "Еуразия әртісі – 2014" марапатын алғаным үшін қуаныштымын әрі құрмет тұтамын", - деп жазды. 

Сондай-ақ ЕМА-2014 жүлдесін Қайрат Нұртас "Үздік орындаушы" Серік Ибрагимов "Жаңа тыныс", Әлішер Қайратұлы "Көрермен көзайымы", Луина "Үздік әйел орындаушы", "Орда" тобы "Үздік ер тобы", "Город А" "Үздік әйел тобы", Домино "Үздік ұжым", Дервиши/ Rash "Үздік дуэт", Mysterions "Неге Yндемедiң" әнімен "Үздік ән", Kaliyaa "Жүрегім сен деп соғады" бейнебаянымен "Үздік видео", Da Gudda Jazz "Жылдың үздік хип-хоп жобасы", "Формат" тобы "Махаббат" әнімен "Ең үздік махаббат әні" атағымен жеңіп алды. 

Muzzone арнасының Еуразиялық музыка жүлдесі осымен үшінші рет өтіп тұр. Бұл жолы басты қонақ ретінде «Евровидения-2012» сайысының жеңімпазы, швециялық Лорин өнер көрсетті. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: zastavki.com, instagram.com

Р. Роза