Ақын, вокалист, гитарист, The Velvet Underground рок тобының негізін қалаушы, америкалық музыкант Лу Ридтің жеке заттары Нью -Йорк қоғамдық кітапханасына берілетіні туралы оның жесірі Лори Андерсон хабарлады.
Көпшілік назарына ұсынылатын заттар қатарында жалпы уақыты 600 сағатты құрайтын 3600 аудиожазба мен 1300 видео бар. Сондай-ақ, рок жұлдыздың жеке жазбалары, өлең сөздері, жанкүйерлерінің хаттары, кітаптар, құжаттар және т.б. құнды дүниелер болады.
Экспозиция музыканттың 1958-ден 2013 жыл аралығындағы шығармашылық өмірін қамтиды. Көрме келесі жылы ашылады.