- Негізгі бет
- Музыка
- Америкалық хип-хоп орындаушы...
Америкалық хип-хоп орындаушы елімізде концерт береді
Қазақстанға америкалық хип-хоп орындаушы Аиша Фукушима қонақ болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Музыкант еліміздің төрт қаласында (Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент) концерт бермек.
Журналистирге берген сұхбатында: "Стереотиптік түсініктегі хип-хоп дегеніміз бейәдеп сөздерді қолдана отырып, композицияны эскрпессивті түрде орындау. Бірақ менің шығармаларымның арасында бұндай туындылар жоқ. Мен қазіргі заманның ағысы туралы жазамын, - деді Фукушима. - Шығармашылықтан басқа ЖОО-ларда рэпитивизм мен сахналық өнерден сабақ беремін".
Аиша Қазақстан жұртына хип-хоп музыканы ұсына отырып, қалың аудиторияны Америка мәдениетінің контексімен таныстыруды мақат етіп отыр. Музыкант әр қалада жергілікті хипхоперлер және брейк-данс орындаушыларымен бірігіп өнер көрсетуді жоспарлауда. Фукушиманы шымкенттіктер - 12 қыркүйекте, алматылықтар - 14 қыркүйекте "Мега" сауда орталығына келіп тыңдай алады. Хипхопер 15 қыркүйекте Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында, 19 қыркүйекте Астанада концерт беруді жоспарлап отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: homeskilletfest.com