Америка сүйікті өнерпаздарын таңдады

Кеше, жексенбінің түнінде АҚШ өз елінің сүйікті өнерпаздарын таңдады деп хабарлайды apelzin.ru. Дәстүрлі «American Music Awards 2013» музыкалық мараппаттау салтанаты әлемге әйгілі әншілерді қызыл кілемге жинады. Басты номинациялар бойынша Джастин Тимберлейк, Тейлор Свифт және One Direction жеңіске жетті. Ал кешті Келли Осборн, Дженнифер Хадсон мен Хайди Клум жүргізді.

Свифт «Жыл әртісі» номинациясына ие болды. Бұл категорияда ол Рианна, Бруно Марс және Macklemore & Ryan Lewis сынды атақты әріптестерімен сынға түскен болатын. Сонымен қатар, ол «Поп/рок жанрындағы таңдаулы әнші» және «Кантри стиліндегі таңдаулы әнші» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/vNoKguSdy4Y","width":"450","height":"338"});

Джастин Тимберлейк «Соул/R&B жанрындағы таңдаулы әнші» номинациясын, сонымен қатар «The 20/20 Experience» альбомы үшін «Соул/R&B жанрындағы үздік альбом» марапатына ие болды.

Джастин Тимберлейк

One Direction қоржынын «Поп/рок жанрындағы үздік топ» және «Поп/рок жанрындағы үздік альбом» марапаттарымен толықтырып қайтты.

One Direction

Ал Рианна болса «Икона» атты арнайы марапатқа ие болды. Бұл атақ осы жылы бірінше рет тағайындалып отыр. Ұйымдастырушылар заманауи музыкаға еңбек сіңірген әртістерді осылай мадақтап отыруды жөн санапты. Бір қызығы, бұл мүсіншені оған анасы табыстаған.  

Рианна анасымен

Сурет: spletnik.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина