Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуына қатысты.
Әлішер Кәрімов көрмей тыңдауда Шарль Азнавур мен Жорж Гарварентстің "Вечная любовь" әнін орындады. Ол өз өнерімен Александр Градскийді тәнті етті. Ал, басқа тәлімгерлер бұрылған жоқ.
Әнші Пелагея қазақстандық әнші ән айтып бастаған кезде бұрылғысы келгенін айтты.
Айта кетейік, Әлішер Кәрімов – Ресейдегі байқаудың келесі кезеңіне өткен үшінші қазақстандық әнші.
Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуына қатысып, төрт тәлімгердің де тәнті етті.
Сондай-ақ қазақстандық Әділхан Макин қазылар алқасының мүшелерін өз өнерімен қуантып, "Ресей дауысы" байқауында Александр Градский командасының мүшесі болды.