Әлішер Кәрімов Димаш секілді байқауға қатыспауының себебін ашып айтты

Әлішер Кәрімов бірнеше жыл бұрын байқауға қатысып, содан кейін қатты көңілі қалып қалған екен. Әнші ол кезде «Жас толқын» байқауында 10-орынды иеленген болатын. Ал қазір ол байқаулар туралы мүлдем ойламайды. Мұның себебі де жоқ емес.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын» байқауына қатысқаннан кейін «Енді байқауға қатыспаймын. Олардың барлығы әділетсіз өтеді» деп байбалам салған болатын. Оған әншінің 10-орын алуы себеп болған-ды. Бірақ отандасымыз байқаудың алғашқы күндерінде жоғары оырндардан көрінген болатын. Соңғы күні ғана орындауы сәтсіз болып, жолы болмады.

«Соңғы екі жылда байқауларға қатысу туралы мүлдем ойлап жүрген жоқпын. Қазір ойым басқа жақта жүр. Бір шетінен әлі жаспын ғой. Неге қатысып көрмеске? Сенімділік қасиеті таланттың кемші тұстарын жасырады. Мысалы, супер талантты қатысушылар сахнаға шыққан кезде қатты қобалжып, өздерін жоғалтып алып жатады. Сол себепті, кез келген адамға тұрақтылық қасиетін тілеймін.

Көп адам өзіне сенімсіз болғандықтан, байқауларға қатыспайды. Олар кішігірім отырыстарда өлең айтып, содан азын-аулақ ақша алып үйреніп қалған. Бірақ, байқауға қатысып сүрініп, артынша қайта тұрып жүгірген артистер де бар. Олар өздерін үнемі іздеп жүреді. 30-60 жасқа келсе де, шабыттарын жоғалтпайды. Ал маған келетін болсақ, мен өзімді ерекше қызықтырған ұсыныстарды ғана қабылдаймын», – дейді Әлішер Кәрімов.

Стан