Әлішер Каримов байқаудың бірінші күнінде 16-шы болып шығады деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Әр елден келген қатысушылардың байқаудың бірінші күнінде өнер көрсететін реттік нөмірін анықтауда қазақстандық қатысушы Әлішер Каримовқа «Дискотека Авария» тобы 16-шы, яғни ең соңғы кезекті таңдап берді.
«Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде бұл байқауды жүргізіп отырған журналист Асхат Садырбай әнші продюсері Алтынбек Рахметов хабарласып, Әлішердің осы реттік нөмірде өнер көрсеткенін өзі де қалайтынын айтқанын жеткізді.
Ашылу салтанатында Скандинавиядан келген арнайы қонақ Ула Свенссон, Филипп Киркоров, Александр Буйнов, Валерий Леонтев, Николай Басков, Полина Гагарина, Сергей Лазарев, Иван Дорн, «Дискотека авария» тобы, Нюша, Доминик Джокер, Ирина Дубцова сияқты әншілер ән айтты. Сонымен қатар, алдыңғы жылдардағы байқау жеңімпаздары өнер көрсетті.
Биылғы музыка бәйгесіне әлемнің 13 елінен 16 қатысушы келіп отыр. Байқау өтетін «Дзинтари» концерттік залының ашық алаңы 30 мыңға жуық көрермен жинады.
Автор: Ардақ Құлтай
Сурет: remarka.kz